Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барды
ТАШКЕНТ. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Фото: Ақорда
«Шығыс» әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.
Фото: Kazinform
Мемлекет басшысын Президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды.
Фото: Ақорда
Осыған дейін Мемлекет басшысының 14-15 қараша күндері Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен баратыны туралы жаздық.