Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті.

Фото: Ақорда

Ақорданың хабарлауынша, әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Тараптар қазақ-еуропа стратегиялық серіктестігінің даму қарқынына көңіл толатынын атап өтіп, Мемлекет басшысының маусым айында Брюссельге жасаған сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға айрықша назар аударды.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Мирза Фахрул Ислам Аламгирді Бангладеш Халық Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтаған еді.