Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында Тәжікстан президентін қарсы алды

АСТАНА. KAZINFORM — Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мінген ұшақ Астанаға келіп қонды. Ол 6 қарашада Астанада өтетін Ақаба процесі саммитіне қатысады.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайынан қарсы алды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Ресми сапар хаттамасына сәйкес, трап алдында Құрмет қарауылы сап түзеді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Екі елдің көшбасшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелерін қарастырады.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Сондай-ақ 6 қараша күні Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді. Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады.

Айта кетейік, Ақаба процесі Орталық Азия алғаш рет ұйымдастырылғалы отыр. Кезекті сессия жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік тақырыбына арналмақ.

Бұған дейін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға келген еді.

Сондай-ақ Ақаба процесін бастама етіп көтерген Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн елімізге сапарлады.