АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Мирза Фахрул Ислам Аламгирді Бангладеш Халық Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.
— Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарларыңыз бен бастамаларыңызды табысты іске асыруыңызға тілектеспін. Достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастықты нығайту үшін бірлесе жұмыс жүргізуге әзір екенімді растаймын, — деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мирза Фахрул Ислам Аламгирдің жауапты қызметіне табыс, ал достас Бангладеш халқына құт-береке тіледі.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауында дауыс бергенін хабарлағанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.