Мемлекет басшысын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.
ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысушылар бірге суретке түсті.
Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан президентінің шақыруымен Душанбеге баратыны туралы хабарладық.
Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысу үшін Душанбедегі Қабылдаулар сарайына барғаны туралы жаздық.