Қасым-Жомарт Тоқаев Эстония Президентін Ақордада қарсы алды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Эстония Президенті Алар Каристы қарсы алды.

Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алар Карис бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Фото: Ақорда

Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында сап түзеген құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эстония Президенті кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.

Фото: Ақорда

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң Мемлекет басшылары құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Құрметті қарауыл бастығымен қоштасты.

Фото: Ақорда

Қазіргі уақытта Мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп жатыр. Оның барысында екіжақты ынтымақтастық перспективасы талқыланбақ. 

Бұған дейін Kazinform тілшісі сарапшылармен бірге маңызды сапардың мәнін талдап көрген еді.