Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті шығарып салды

Фото: Фото: Ақорда

АСТАНА.KAZINFORM — Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Гурбангулы Бердімұхамедовті шығарып салғанын хабарлады.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовті Түркістан әуежайынан шығарып салды, - делінген дереккөзде.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бейресми кездесу өткізіп, өнеркәсіп көрмесін аралаған болатын.