Қасым-Жомарт Тоқаев Гиза қаласы маңында болған көлік апаты салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы қайтыс болғандардың туған-туыстарының қайғысына ортақ екенін жеткізіп, бауырлас Мысыр халқына қолдауын білдірді.
Айта кетейік, 25 қарашада Каирдің солтүстік маңындағы елді мекендердің бірінде жанармай тасымалдаған жүк көлігі жол апатына ұшырап, артынша өрт шықты. Салдарынан 31 адам қаза тауып, тағы 21 адам жарақат алды. Апаттың себебі әзірше белгісіз.
Жол апаты Каирді айнала өтетін, өңірдегі негізгі көлік жолдарының бірі болып есептелетін айналма тасжолда болған.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Фуджейра әмірлігінде болған жол-көлік апатында адамдардың қаза табуына байланысты шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға көңіл айтқан еді.