Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңіске жеткен Ирландия президентін құттықтады
19:30, 26 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Кэтрин Конноллиді Ирландия президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Сіздің басшылығыңызбен Ирландия дамудың даңғыл жолын жалғастыратынына сенімдімін. Астана мен Дублин арасында шынайы достық пен өзара қолдауға арқа сүйеген ұзақмерзімді серіктестік орнаған. Өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, қос халықтың игілігіне қызмет ететін жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін Өзіңізбен бірлесіп күш-жігер жұмсауға дайынмын, - деп жазылған жеделхатта.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Дональд Трампқа хат жолдағанын жазған едік.