Өңірдегі бірегей орталық жүректі радиожиілік пен криоаблация тәсілдерімен емдейді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа клиниканың кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек, соның ішінде жоғары технологиялық араласу арқылы дәрігерлік жәрдемнің толық спектрін көрсете алатыны жөнінде баяндалды.
Мекеме бір ауысымда 150 адамға дейін қабылдай алады. Сондай-ақ 47 орындық стационар бар.
Орталыққа құйылған жалпы инвестиция көлемі 2,5 миллиард теңгені құрады.
Бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында мамандандырылған әскери мектеп-интернатының қызметімен танысты.
Сонымен қатар Жамбыл облысының бір топ азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды.