Қасым-Жомарт Тоқаев «Зенченко және К» директорына алғыс жариялады

АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев «Зенченко және К» КС директоры Геннадий Зенченкоға алғыс жариялады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Коллаж: Kazinform/ Freepik

"Отандық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, саланың бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуетін арттыруға қосқан зор үлесі үшін «Зенченко және К» КС директоры Геннадий Геннадьевич Зенченкоға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғысы жарияланды" делінген хабарламада.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановпен кездескен еді