«Кәсіпкер» холдингі базасында оқытушылардың біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі құрылатын болады. Онда 2016 жылдың өзінде 5200 оқытушы жұмысшы біліктілігін көтеріп, кәсіпорындарда тағлымдамадан өтеді және сертификацияға ие болады», - деді ол.
Министрдің айтуынша, нәтижесінде 3 жылдың ішінде сертификат алған педагогтардың үлесі 20 пайызға дейін ұлғаяды.
«Бұл шаралардың барлығы біздің студенттердің әлемдік білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қадіеттілігін арттыруға бағытталған. Осыған байланысты республиканың халықаралық WorldSkills қауымдастығына кіру қажеттілігі туындап отыр», - деді А.Сәрінжіпов.