Кәсіпкерден 43 млн теңге бопсалаған ақтөбелік ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде кәсіпкерді ұрып-соғып 43,5 миллион теңге ақшасын алған 32 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің криминалистері жедел іздестіру шарасы барысында 32 жастағы ақтөбелікті қолға түсірді.

«Күдікті 2018 жылдан бастап халықаралық іздеуде болды. Қорқытып, ұрып-соғып өз сыбайластарымен бірге кәсіпкерден 43,5 миллион теңге алған», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметшісі Ерболат Сарқұлов.

Мәлім болғандай, ол бұған дейін де ұрлық, қарақшылық және бұзақылық үшін бірнеше рет істі болған.

Қазір қылмыстық оқиғаға қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді.