Кәсіпкерді бопсалағандардың кәсібіне тосқауыл қойылды - ҚР ІІМ

АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - Алматы қаласында ІІМ Криминалды полиция комитетінің қызметкерлері жеке кәсіпкерлерден 102 мың долларды бопсалап алмақ болған ұйымдасқан қылмыстың топтың 4 мүшесін қолға түсірді.

Бұл туралы бүгін Астанадағы дәстүрлі брифингте ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті директорының орынбасары Айжан Есімбекова айтты.

«Ұсталғандар 24-31 жас аралығындағы азаматтар. Олардан 10 оқ-дәрісі бар «Сайга» мылтығы, 4 оқ-дәрісі бар 16 калибрлі шолақ мылтық, 11 оқ-дәрісі бар «Стример-1014» травматикалық тапаншасы мен 9 мм калибрлі 5 оқ-дәрісі тәркіленіп алынды»,-деді директордың орынбасары.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бопсалаушылар қамауға алынды.