Оның айтуынша, биыл жоғары оқуға түсетін техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектері үшін кешенді тестілеу екі рет ұйымдастырылды. «Оның нәтижелері мәз емес. Оған қатысқан өткен жылғы мектеп түлектерінің 60 пайызы шекті деңгейден өтсе, колледж бітірушілерінің тек 30 пайызы ғана қажетті ұпай санын жинап алды. Бұл дегеніміз, мектеппен салыстырғанда, кәсіптік-техникалық оқу орындарында орта білім нашар беріледі», - дейді Б. Жұмағұлов. Осыған орай, министр бақылау комитетіне тиісті шараларды қолға алуды тапсырды.