Ивел бірнеше рет Гиннестің рекордтар кітабына енген, деп хабарлады rosbalt.ru.
42 жыл бұрын ол зымыранға ұқсайтын Skycycle X-2 құрастырылған реактивті мотоциклмен 427 метрлік каньоннан секіріп өтпек болған. Ол 100 метрдей ұшып өтті, алайда техникалық ақаулық салдарынан парашют мерзімінен бұрын ашылып, каскадер діттегеніне жетпеді.
Қырық жылдан кейін Эдди Браун бастаған белгілі каскадер командасы оның ерлігін қайталап, Снейк-Ривер каньонынан секіріп өту мүмкін екенін дәлелдемек болды. Книвел мотоцикліне ұқсас реактивті супербайкты Скотт Труа - «Небоцикл» X-2 құрастырған инженердің ұлы құрастырды.
Мотоцикл арқылы секіруді жүзеге асыру үшін биіктігі 10 қабатты үймен пара-пар арнайы құрылыс салынды. Оның көмегімен Браун шамамен 600 метр қашықтықтан секіріп өтіп, каньонды бағындырып, жылдамдығын 644 км/с дейін арттырды. Трюкты орындау үшін Эдди үш жыл мен өзінің $1,5 млн қаражатын жұмсады.