Каспий теңізінде жер сілкінді

БАКУ. АЗЕРТАДЖ – ҚазАқпарат – Бүгін, 8-ші тамызда Каспий теңізінде жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әзербайжанның АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, Әзербайжанның ғылым академиясы жанындағы сейсмологиялық қызмет республикалық орталығының хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:48-де тіркелген зілзаланың ошағы 62 км тереңдікте жатыр. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 3.2-ні құрады.