Оқиға 7 шілде күні сағат 23.45-те болған. 1992 және 1994 жылы туған азаматтар ашық теңізге серфинг тақтасымен шыққан. Алайда ауа райының күрт өзгеруіне байланысты серферлер жағадан 800 метрден астам қашықтыққа ығып кетті.
Одан бөлек серферлер құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етілмеген.
«Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының нәтижесінде серферлер жағаға аман-есен жеткізілді», - делінген ТЖМ хабарламасында.