Каспий теңізінде жер сілкінді

АСТАНА. KAZINFORM — Каспий теңізінде магнитудасы 3,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Азертадж .

Фото: Анадолы

Әзербайжан Республикасының Сейсмологиялық қызмет республикалық орталығының Жер сілкіністерін зерттеу бюросының мәліметінше, жерасты дүмпулері 26 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 03:04-те тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Айта кетелік Техаста магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі болған еді