Каспий теңізінде жер сілкінді

28 желтоқсан күні Каспий теңізінде, Нардаран станциясынан шығысқа қарай 20 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Kazinform бұл туралы АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pexels

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:28-де тіркелген жер сілкінісінің магнитудасы 3,1 балл болды.

Зілзала ошағы 16 шақырым тереңдікте жатты.