Оның айтуынша, Каспий теңізіне шектес барлық мемлекет теңіздегі қауіпсіздікті өздері қамтамасыз ету жөнінде ортақ пікірде.
— Каспий өңірі бұл тұрғыда Парсы шығанағынан ерекшеленеді. Себебі Парсы шығанағында АҚШ-тың қатысуы бар және бұл аймақтағы елдердегі жағдайдың тұрақсыздануына ықпал етеді. Ал Каспий теңізінде жағалаудағы бес мемлекеттің бірлескен күш-жігерінің арқасында теңіздегі қауіпсіздік толық қамтамасыз етіліп отыр, — деді елші.
Сондай-ақ ол Каспий теңізі акваториясында басқа мемлекеттердің әскери қатысуына жол бермеу мәселесінде бес елдің ұстанымы ортақ екенін атап өтті.
Бұған дейін Али Акбар Джокуар Қазақстан үшін қазіргі уақытта ешқандай қауіп-қатер жоқ. Алайда болашақта Орталық Азия аймағы үшін белгілі бір қауіп төнуі мүмкін деген еді.