Каспийде 3,2 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан ұлттық ғылым академиясы жанындағы республикалық сейсмологиялық орталықтың хабарламасына сәйкес, 18 қарашада Каспий акваториясында магнитудасы 3,2 балл жерасты дүмпуі тіркелді, деп жазды Lada.

Жерасты дүмпуінің кіндігі 59 шақырым тереңдікте болды, оның әсері сезілген жоқ.

Бұдан бұрын сейсмологтар Ақтауда бес балдан жоғары жер сілкінісі болуы мүмкін еместігін мәлімдеген. Каспийдегі сейсмологиялық өзгерістер табиғи үрдіс. Қашаған кен орнында жүргізілген жұмыстарға қатысы жоқ, деп атап өтті мамандар.