Каспийдің Әзербайжан секторында жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспий теңізінің Әзербайжан секторында жер сілкінісі болды, делінген сенбі күні Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының республикалық сейсмологиялық орталығы қызметінің сайтында.

Жер сілкінісі Каспий теңізінде 06:55 кезінде, Нардараннан оңтүстік-шығысқа қарай 117 шақырым жерде болған. Жер сілкінісінің күші 3,1 баллды құраған. Оның ошағы 48 шақырым тереңдікте орналасқан.