Кәсіпқой бокс: Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

Фото: Фото: Нұрғали Жұмағазы

АСТАНА. KAZINFORM - Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11КО) кезекті қарсыласы Анауэль Нгамиссенгуемен (14-0, 9КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Айта кетерлігі, боксшылар 160 фунт (72,5 кг) салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. 

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Сонымен қатар бокс кешінің андеркартында шаршы алаңға шығатын Балауса Мұздыман, ағайынды Сабырхандар, Батыр Жүкембаев, Сұлтан Заурбек, Баходир Жалолов және Отабек Холматов қатарлы боксшылар салмақ өлшеуден өтіп, қарсыластарымен көз арбасты.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуір күні Астана қаласында кезекті жекпе-жегін өткізіп, чемпиондық белдіктерін қорғайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, боксшылар кеше Астанадағы Rixsos қонақүйінде баспасөз конферанциясын өткізген еді.