Қасым-Жомарт Тоқаев отандық медицина ғылымын дамытуды тапсырды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Президент ғылымды дамытып, медицинаға жоғары технологияларды енгізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық медицина ғылымын дамытуды тапсырды. Бұған дейін Елбасы өз Жолдауында университет базасында жасанды интеллект технологиясын әзірлеумен айналысатын ғылыми-зерттеу институтын құру туралы айтқан болатын.

«Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент жоғары медициналық технология орталығына айналуы керек. Үкімет пен әкімдер өңірлерде кең тараған ауру түрлерін анықтап, сол бағыттағы емдеу жұмыстарын күшейтуді ұйымдастыруы тиіс», - деді Президент.

Айта кетейік, Қасым - Жомарт Тоқаев Ақтөбеге жұмыс сапары кезінде медициналық форумға қатысты. Форум кезінде дәрігерлердің өз жұмысынан бөлек қосымша қоғамдық істермен айналысуына тыйым салуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар