Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Нью-Йорктегі екі күнде 27 кездесу өткізіп, 3 ірі шараға қатысты.
20 қыркүйектің басты оқиғасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының Жалпы дебаты болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев аталған шарада сөз сөйлеп, бірнеше жаһандық өзекті мәселені көтерді.
Президент өз сөзінде бұрыннан қалыптасқан әлемдік қауіпсіздік жүйесін қалпына келтірудің, территориялық тұтастықты сақтаудың, елдердің егемендігін құрметтеудің маңызын атап өтті.
Фото: akorda.kz