Қатар мен Индонезия құны 4 миллиард доллар тұратын бірлескен қор құрмақшы

Фото: Фото: x.com / @prabowo

АСТАНА.KAZINFORM - Қор Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің экономикасына инвестиция тартуға арналған, деп хабарлайды Kazinform  меншікті тілшісі.

Индонезияның ұлттық әл-ауқат қоры Danantara Indonesia Қатар инвестициялық басқармасымен 4 миллиард долларлық бірлескен инвестициялық қор құратынын жариялады, деп хабарлады Индонезия тарапы сейсенбі күні мәлімдемесінде.

Мәлімдемеге сәйкес, тараптардың әрқайсысы - Индонезия мен Катар 2 миллиард доллардан береді. Бірлескен қор Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі экономика көзі Индонезияға инвестиция салуға бағытталады.

Инвестициялар ең алдымен ұлттық шикізат өңдеуші салаларға бағытталады. Сонымен қатар, жаңартылатын энергия көздері, денсаулық сақтау, басқа да перспективалы салалар, соның ішінде технология саласындағы жобаларға назар аударылады.

Бұл келісімге Индонезия мен Қатар басшыларының Дохаға сапары кезінде қол жеткізілді. Индонезия президенті Прабово Субианто қазір аймақпен екіжақты байланысты нығайту үшін БАӘ, Түркия, Мысыр, Қатар және Иорданияны аралап жүр.

Индонезиялық тарап бұл келісім Таяу Шығыс серіктестерінің аймақ экономикасына өсіп келе жатқан қызығушылығын, сондай-ақ елдің тұрақты және ұзақ мерзімді шетелдік инвестицияларды тартуға күш салуын көрсетеді.

Өткен аптада Абу-Дабиде орналасқан Эмираттың таза энергиямен айналысатын Masdar компаниясы Индонезиядағы қалқымалы күн энергиясы жобаларын ілгерілету үшін Индонезияның PT PLN (Persero) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен өзара түсіністік туралы екі меморандумға қол қойды.

Индонезияның Газа секторындағы палестиналықтарға баспана беруге дайын екенін бұған дейін хабарлаған едік.