АСТАНА. KAZINFORM – Қатар сыртқы істер министрлігі АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған Газа жөніндегі бейбіт жоспар бойынша келіссөздерді жалғастыруға кіріскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.
Ведомствоның хабарлауынша, Қатар ХАМАС қозғалысының АҚШ-қа берген жауабын құптап отыр. Алдағы уақытта тараптар атысты тоқтату және тұтқындарды босату мәселелері бойынша келіссөздерді жалғастырмақ.
Еске сала кетейік, Трамп ХАМАС-қа жоспарды қабылдау жексенбіге дейін уақыт берген болатын.
Олжас Сәндібек
Олжас Сәндібек М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің түлегі. Бірнеше республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда қызметтер атқарған.