Қатарынан 3 күн арзандаған доллар бағамы қайта қымбаттады

Фото: pixabay.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады. 

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,68 теңгеге қымбаттап, 539,38 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 536,58 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 538,35 теңгеден сатып алынады, 540,46 теңгеден сатылады. Еуро 625,05 – 630,37 теңге, ал рубль 6,63 – 6,75 теңге аралығында саудаланады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 537,52 теңгеден сатып алынады, 544,52 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 623,45 теңге, сату - 633,47 теңге;

- рубль: сатып алу 6,68 теңге, сату - 6,79 теңге.

Еске салайық, 6 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,97 теңгеге арзандап, 536,58 теңге болды.