— Өртті сөндіруге орман шаруашылығы қызметкерлері мен су төгу құрылғысымен жабдықталған ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жедел жұмылдырылды. Тікұшақ арқылы барлығы 8 рет су төгілді, — делінген хабарламада.
Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілген жоқ. Өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына ағашқа найзағай түсуі себеп болған.
Бұған дейін ТЖМ ұлттық парктердегі өртті арнайы камералар арқылы бақылайтынын жаздық.