Баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға қарағанда, Ақтөбе облысының аумағында жолда жүру тәртібін бұзушыларды анықтауға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Іс-шара 13-16 қаңтар аралығында өтеді. Алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде облыста жол ережесін бұзудың 512 фактісі анықталған.
«Жолда жүру ережесін бұзғаны үшін 70 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды, мас күйінде көлік басқарудың 8 фактісі, жолдың қарсы бетіне шығып кетудің 5 фактісі анықталып, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 20 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 82 жаяу жүргінші әкімшілік жауапқа тартылып, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кетудің 9 фактісі анықталды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерден жылдамдық режимін, қашықтықты сақтауды, мүмкіндігінше алыс жолға шығуды шектеуді, ауа райының өзгеруі туралы ескертулерді қадағалауға шақырады.