Оның мәліметінше, Елорда жолдарында жол-көлік оқиғаларын азайту және жол жүру ережесін елемейтін жүргізушілерді құрықтау мақсатында 21-27 қазан аралығында елордалық жол полициясы «Қауіпсіз жол» республикалық алдын алу шарасын өткізді.
«Осыған орай жол полициясының жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет атқарды, сонымен бірге жол қозғалысын қадағалау үшін Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасының аппарат жеке құрамы қатысты», - деп атап өтті Б. Шоланов.
Оның айтуынша, осы шара барысында басып озу, маневр жасау тәртібін бұзғаны үшін - 1032, жылдамдық асырғаны үшін - 450, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін - 620, ұялы телефонмен сөйлескені үшін - 524, жолдың қарсы бағытына шығып кеткені үшін - 296, ал көлікті мас күйінде жүргізгені үшін 84 жүргізуші жауапқа тартылған. Сонымен қатар, жүріс бөлігін анықталмаған жерден кесіп өткені үшін 966 жаяу жүргінші құрықталды.