Облыстық IIД басшысы генерал-майор Берiк Бiләловтің айтуынша, 2016 жылы өңірде 9 031 қылмыс тiркелген, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 11 пайызға аз.
«Қылмыстардың барлық түрi бойынша көрсеткiштерi жақсарды. Оларды ашу бойынша жалпы көрсеткiш 66 пайызды, ауыр қылмыстар бойынша 87 пайызды, аса ауыр қылмыстар бойынша 97 пайызды құрады», - деді Берiк Бiләлов.
Жиында облыстық ТЖД, Қылмыстық-атқару жүйесi, Жергiлiктi полиция қызметiнiң бжұмыстары жайлы айтылды.
Iшкi істер министрiнiң орынбасары қауiпсiздiк бойынша жоғарғы позицияда тұрғанын атап өттi. Сондай-ақ, вице-министр полиция жұмысындағы жаңалықтар енгiзiлiмдер бойынша түсiнiк бердi.
Бұдан кейiн облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов сөз сөйледi.
«Iшкi iстер департаментi тиiстi құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету үшiн ауқымды жұмыс атқарды. Өткен жылы қылмыстар саны азайды, қоғамдық орындардағы, көшелердегi жағдай дұрысталды, балалар қылмысы, мас күйiнде жасалған қылмыстардың саны азайды», - дедi өңiр басшысы.
Жиын барысында Ерiк Сұлтанов өткен жыл бойынша жедел қызмет қорытындылары бойынша үздiк деп танылған iшкi iстер органдардың бөлiмшiлерiн марапаттады.
Кездесу соңында Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрiнiң орынбасары Ерлан Тұрғымбаев Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментiне байрақты тапсырды.