Ішкі істер минстрлігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сай, елімізде 28 591 адам пробация қызметінің есебінде тұр. Бақылаудағы адамдар Шымкент қаласы мен Түркістан облысында көп.
Астана қаласында – 2 810 адам;
Алматы қаласында – 2 604 адам;
Шымкент қаласы және Түркістан облысында – 3 465 адам;
Ақмола облысында – 1 491 адам;
Ақтөбе облысында – 1 213 адам;
Алматы және Жетісу облыстарында – 3 284 адам;
Атырау облысында – 1 196 адам;
Шығыс Қазақстан облысында – 808 адам;
Абай облысында – 1 415 адам;
Жамбыл облысында – 1 568 адам;
Батыс Қазақстан облысында – 1 159 адам;
Қарағанды және Ұлытау облыстарында – 1 822 адам;
Қостанай облысында– 1 428 адам;
Қызылорда облысында – 1 032 адам;
Маңғыстау облысында – 1 088 адам;
Павлодар облысында – 1 390 адам;
Солтүстік Қазақстан облысында – 818 адам.
Қоса кетсек, бұған дейін Алматыда пробация есебіндегі адамдар квотамен жұмысқа орналасқанын хабарлаған едік.