Қайрақ және Бугристое шекара бекеттері қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр - ҰҚК

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай облысындағы «Қайрақ» және «Бугристое» (Ресей) шекара бекеттері қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап.

21 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей Федерациясының «Бугристое» автокөлік өткізу пунктінде жол жөндеу жұмысы жүргізілетіні жайында хабарлаған болатын. Осыған байланысты Қостанай облысындағы «Қайрақ» өткізу пунктінде кептеліс туындауы мүмкін екендігі ескертілген және мемлекеттік шекараны кесіп өтудің өзге жолдары ұсынылған.

Қазіргі уақытта ресейлік тараптың ақпаратына сәйкес «Бугристое» өткізу пунктінде жоспарлы алғашқы жол төсемін салу жұмысы аяқталғаны және өткізу мүмкіншіліктеріне кері әсері жоқтығы жеткізілді.

«Қайрақ» (ҚР) және «Бугристое» (РФ) автокөліктік өткізу пункттері қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.