НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» бразилиялық белгілі шабуылшы Вагнер Лавпен ресми түрде келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Вагнер Лав жанкүйерлерге Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командасында ойнаған кезінен жақсы танымал. Сондай-ақ, ол бүгінге дейін Бразилияның «Палмейрас», «Фламенго», «Коринтианс», Қытайдың «Шаньдун Лунэн», Францияның «Монако», Түркияның «Аланьяспор», «Бешикташ» командаларында ойн көрсеткен.
Ол 1984 жылы 11 маусымда Рио-де-Жанейро қаласында дүниеге келген. Үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2002 жылы бастаған.
Естеріңізге сала кетелік, футболдан Қазақстан чемпионаты уақытша тоқтатылды .
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.