Бас бапкер Рафаэль Уразбахтин алғашқы минуттан төмендегі ойыншыларға сенім білдірді. Бірінші кездесуден кейін біршама өзгерістер енгізілді. Қақпа Шерхан Қалмырзаға сеніп тапсырылса, Олжас Байбек, Исмаил Бекболат сынды жас футболшылар негізгі құрамға ілікті.
«Кайрат»: Шерхан Калмұрза (Қ) – Лев Кургин, Олжас Байбек, Дамир Қасаболат, Еркін Тапалов – Яакко Оксанен, Әділет Садыбеков, Луиш Мата (К), Ойва Юккола – Исмаил Бекболат, Марк Гуаль;
Кездесу барысында бельгиялық команда тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Ойынның 45-минутында олардың қатарынан Михайло Цветкович көзге түсті.
Екінші кезеңде де бельгиялық команда басымдығын арттыра түсті. Нәтижесінде Даниил Сикан 54, Жулиан Бьянкон 71-минутта мергендігімен көзге түсті.
Осылайша «Андерлехт» 3:0 есебімен басым түсіп, Еуропа лигасы негізгі кезеңінде сынға түсуге мүмкіндік алды.
Ал «Қайрат» енді Конференция лигасы негізгі кезеңінде ойнайды.
Айта кетсек, алғашқы кездесуде қазақстандық команда аталған қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберді.
Айта кетсек, алматылық команда еурокубоктағы жорығын алдымен Чемпиондар лигасында бастап, алғашқы екі іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубынан (2:1, 2:0), Черногорияның Кипрдің «Омония» (1:0, 0:1, пенальтиден 6:5) клубтарын қапы қалдырған еді. Одан кейін Рафаэль Уразбахтиннің футболшылары Болгарияның «Левски» командасына (0:1, 0:1) жол берді.