Маманның айтуынша, футболшылар мен бапкерлер құрамы бұл турнирді жаңа белестерді бағындыруға және өз шеберліктерін дәлелдеуге мүмкіндік беретін үлкен алаң ретінде қарастырады.
— Конференция лигасы — біз үшін үлкен тәжірибе алаңы. Сондықтан отандық клубтардың жыл сайын еурокубоктық жарыстарға, соның ішінде ең кемі Конференция лигасының негізгі кезеңіне тұрақты қатысып тұруы маңызды. Бұл үрдіс қазақстандық футболдың Еуропада танымалдылығын арттырып, халықаралық деңгейде беделін нығайтуға көмектеседі, — деді Уразбахтин.
Естеріңізге сала кетейік, «Рига» мен «Қайрат» арасындағы кездесу 15 қазан күні Астана уақытымен сағат 21:45–те басталады.
Айта кетейік, «Қайрат» бас жүлдеге таласты жалғастыратынын жаздық.