«Қайрат» футболдан Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіне жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі алматылық «Қайрат» пен шотландиялық «Селтик» кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды.Алматылық клуб биыл аталған турнирде сәтті ойын көрсетіп келеді. Алғашқы іріктеу кезеңінен бастап жанкүйер сенімін шығып жүр. Осылайша плей-офф сатысына дейін жетті.
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Бұл кездесуге алматылық клуб сапынан құрамдағы бірқатар футболшы жасыл алаңға шыға алған жоқ. Алған сары қағазының көптігіне байланысты жас жұлдыз Дастан Сәтпаев бүгінгі кездесуден тыс қалды.
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Оған қоса шабуылшы Эдмилсон қатыспады, Ал қорғаушы Луиш Мата жарақатынан айығып, алғашқы минуттан негізгі құрамда шықты.
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Командалар Қарсыластар алғашқы минуттан жылдам гол соғуға тырысты. Дегенмен өз мүмкіндігін пайдалана алмай жатты. Шотландиялық команда белсенділігін көрсете қойған жоқ. Есесіне «Қайрат» қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті.
Екінші кезеңде де командалар шабуылға жиі шықты. Соған қарамастан қақпа гол соғылған жоқ.
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Екі ойында 0:0 есебі тіркелді. Сондықтан ойын қосымша кезеңге ұласты. Қосымша кезеңде жеңімпаз анықталған жоқ. Пенальти тебуде «Қайрат» жеңімпаз анықталып, олар Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіне жолдама алды.
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Алматылық футболшылар аталған турнирдің алғашқы үш іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0), Словакияның «Слован» (1:0, 0:1, пенальтиден 4:3) командасын қапы қалдырып кетті.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.