Алматылық «Қайрат» футболдан РПЛ Қысқы кубогына қатысады. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлем етті, деп хабарлайды Kazinform.
Халықаралық турнир 2024 жылдың 1-15 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында болады.
Қарсыластары - ресейлік клубтар «Спартак» пен «Ростов» және «Шабаб Аль-Ахли» командасы (БАӘ).
Төрт команда топтық кезеңде бір-бірімен кездеседі. Топта бірінші орын алған ұжым турнирдің жеңімпазы атағына ие болады.
Халықаралық турнирді жанкүйерлер «Qazsport» және Ресейдің «Матч ТВ» телеарналары арқылы тамашалай алады.
Еске салсақ, футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен сәуір айында екі жолдастық кездесу өткізеді. Ойындар Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына дайындық аясында болады. Кездесулер алдағы жылдың 8 және 10 сәуірінде Ташкент қаласында өтеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.