Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізеді

Футзал
Фото: kff.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен сәуір айында екі жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.

Жолдастық кездесулер Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына дайындық аясында болады.

Жолдастық кездесулер алдағы жылдың 8 және 10 сәуірінде Ташкент қаласында өтеді.

Айта кетсек, 2021 жылы Астанада Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары екі жолдастық кездесу өткізген еді. Алғашқы ойында 3:1 есебімен Кака шәкірттерінің жеңсе, екінші матч 4:6 есебімен Өзбекстан құрамасына пайдасына аяқталды.

Өзбекстандық футзалшылар әлем чемпионаты финалдық сатысына 2016, 2021 жылдарда екі мәрте қатысып, 2021 жылы 1/8 финалға дейін жетті.

Ал Азия чемпионатында төрт мәрте вице-чемпион (2001, 2006, 2010, 2016) болса, бес мәрте (2005, 2007, 2014, 2018, 2022) қола жүлдегер атанды.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсіп, 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.

Еске салсақ, ел құрамасы 2024 жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар