Бұл кезеңде «Қайрат» Польшаның «Пяст» клубымен шеберлік байқасады. Ойын Қазақстан уақытымен 23:00-ге белгіленген.
Алматылық клуб UEFA Чемпиондар лигасы А жолының негізгі кезеңінде Латвияның «Бейтар» клубын 5:3 есебімен жеңсе, Бельгияның «Андерлехт» клубына 3:8 есебімен жол берді.
«Қайрат» футзал клубы
Қақпашылар: №1 Илья Ерошенков (Қазақстан), №27 Жоао Пауло Насименто (Бразилия), №33 Бруно Томазелли (Бразилия);
Ойыншылар: №2 Нұрсұлтан Шарапиденов (Қазақстан) №5 Жоао Педро Гонсалвеш (Бразилия), №6 Ақжол Дәрібай (Қазақстан), №7 Жахангир Рашит (Қазақстан), №8 Алмас Иманбеков (Қазақстан), №9 Әлімжан Сейітнұр (Қазақстан), №10 Камиль Герейханов (Қазақстан), №11 Азат Валиуллин (Қазақстан), №13 Нұрдәулет Кешубаев (Қазақстан), №17 Павел Карпов (Ресей), №18 Жомарт Тоқаев (Қазақстан), №19 Кайо Руис (Бразилия), №20 Атирсон Феррейра (Бразилия), №22 Ержан Кұрманбай (Қазақстан), №45 Луис Камило Коста (Бразилия), №80 Рафаэль Рафао (Бразилия).
Ал «Семей» 1/8 финалдың жолдамасын 24 қарашада Украинаның «Атлетик» (Днепр) командасымен сарапқа салады.
Семейлік ұжым Испанияның «Барселона» клубына (1:6) жеңілсе, Словакияның «Лученец» (6:0), Швейцарияның «Минерва» (5:1) клубтарын қапы қалдырды.