«Қайрат» пен «Семей» Чемпиондар лигасы 1/8 финалында кімдермен ойнайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Қайрат» (Алматы) және «Семей» клубтарының футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы қарсыластары анықталды.

Бүгін «Қайрат» пен «Семей» Чемпиондар лигасында кезекті ойынын өткізеді
Фото: «Қайрат» футзал клубы

Бұл кезеңде «Қайрат» Польшаның «Пяст» клубымен шеберлік байқасады. 

Алматылық клуб UEFA Чемпиондар лигасы А жолының негізгі кезеңінде Латвияның «Бейтар» клубын 5:3 есебімен жеңсе, Бельгияның «Андерлехт» клубына 3:8 есебімен жол берді.

Ал «Семей» 1/8 финалдың жолдамасын Украинаның «Атлетик» (Днепр) командасымен сарапқа салады.

Семейлік ұжым Испанияның «Барселона» клубына (1:6) жеңілсе, Словакияның «Лученец» (6:0), Швейцарияның «Минерва» (5:1) клубтарын қапы қалдырды.

Жарыс ережесіне сәйкес әрбір топтан алғашқы үштікте тұрған командалар плей-офф сатысына шығады. Былтыр «Семей» мен «Қайрат» плей-офф сатысында сынға түсуге мүмкіндік алған еді.

Алғашқы кездесу 23 қарашада сырт алаңда өтсе, қарымта ойын 4 желтоқсанға белгіленген.