«Қайрат»-«Хапоэль»: Израильдық футболшылар алда келеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәл қазір футболдан UEFA Еуропа лигасының екінші іріктеу сатысында сырт алаңда Алматының «Қайраты» мен Израильдің «Хапоэль» (Безр-Шева) командалары кездесіп жатыр. Матчтың алғашқы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге салакетелік, жарыстың алғашқы сатысында «Қайрат» Босния және Герцоговинаның «ШирокиБриег» командасын ортажолда қалдырған болатын. Екі кездесуде де 2:1 есебімен жеңіске жетіп,жарыстың келесі сатысына жолдама алды.

Ал «Хапоэль»Албанияның «Лачи» клубын қос ойынның нәтижесімен жеңіп(1:0,1:1) кетті.

Бүгінгі кездесуде алғашқы минуттан «Қайрат»құрамында Стас Покатилов, Ғафуржан Сүйімбаев, Раде Дугалич, Елдос Ахметов, ДиноМиканович, Исламбек Қуат, Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Конрад Вржещиньский,Бауыржан Исламхан, Адеринсола Эсеола жасыл алаңға шықты.

«Хапоэль» (Безр-Шева) бапкерлері бірінші кезеңдеЭрнестас Шеткус, Шон Гольдберг, Мигел Витор, Лоай Таа, Бен Биттон, Эден Шамир,Давид Кельтенс, Маруан Кабха, Рамзи Сафури, Джимми Марин және НайджелХасселбайнкке сенім білдірді.

Бірінші кезеңнің алғашқы минуттарында израильдікфутболшылар бірден алға ұмтылды. Оған «Қайрат» қорғаушылары лайықты қарсылықкөрсетті. Десе де,алаң иелері екі қанаттан тықсыра бастады. Осындай сәттердің бірінде біздіңжігіттер өзіміздіңайып алаңымызда тәртіп бұзды. Оны «Хапоэль» (Безр-Шева) сапынан Рамзи Сафуримүлтіксіз орындады. Бұдан кейін израильдік футболшылар екпінін басқандай. Осыдан соң «Қайрат» бірнеше шабуылұйымдастырды. Алматылық шабуылшы Адерионсола Эсеола өз мүмкіндігін пайдаланаалған жоқ.

Естеріңзге сала кетелік, осы уақытта Чехияда Шымкенттің «Ордабасы» командасы жергілікті «Млада-Болеслав» клубыменкездесуде. Жанкүйерлер матчтың екінші кезеңінтамашалауда. Есеп - 1:1. Екі гол да бірінші кезеңде соғылды.

Соңғы жаңалықтар