«Қайрат» Конференция лигасындағы алғашқы ойында тең түсті

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Конференция лигасы бірінші турындағы «Рига» (Рига, Латвия) - «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды.

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Кездесу барысында қазақстандық команда жылдам гол соғып үлгерді. Ойынның 5-минутында латвиялық команда қақпасына белгіленген пенальтиден «Қайрат» сапынан Марку Гуаль мүлт кеткен жоқ.

Одан кейін «Рига» сапынан Салах Улад 12-минутта таразы басын теңестірсе, 28-минутта Мохамед Бадамоси пенальтиді дегеніне пайдалана алмады.

Екінші кезеңде латвиялық команда басымдықты арттыра түсті. Ойын тізгінін өз қолында ұстауға тырысқан шабуылға көбірек көңіл бөлді. Оған қазақстандық команда лайықты тойтарыс берді.

Командалар 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

Айта кетсек, қазақстандық команда бұдан кейін UEFA Конференция лигасы негізгі кезеңінде тағы бес ойын өткізеді. Алдымен 22 қазанда елордада «Панатинаикос» (Грекия), 5 қарашада сырт алаңда «Аталанта» (Италия) клубымен шеберлік байқасады.

Одан кейін өз алаңында 26 қарашада елордада «Мьельбю» (Швеция), 10 желтоқсанда «Университатя Крайова» (Румыния) клубтарын қабылдаса, 17 желтоқсанда сырт алаңда «Твенте» клубымен жасыл алаңға шығады.