«Қайраттың» еурокубок ойындарындағы ықтимал қарсыластары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 20 шілдеде Швейцарияның Ньон қаласында алматылық «Қайраттың» UEFA Чемпиондар лигасы және Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталды.

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Қазақстандық команда Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңіне шыққан жағдайда «Левски» (Болгария) - «Университатя Крайова» (Румыния) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Оған дейін 22 және 29 шілде күндері алматылық клуб екінші іріктеу кезеңінде Кипрдің «Омония» клубымен шеберлік байқасады.

Егер екінші іріктеу кезеңінде қарсыласына есе жіберген жағдайда «Қайрат» Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңінде «Мьельбю» (Швеция) - «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетсек, қазірге дейін алматылық футболшылар Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубын (2;1, 2:0) қапы қалдырды.

Сондай-ақ бүгін 17:00-де «Тобыл» Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласын анықтайды. Оған дейін қазақстандық команда екінші іріктеу кезеңінде Литваның «Паневежис» командасымен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, бұдан бұрын Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астана» Албанияның «Динамо Сити» (1:0, 1:4), семейлік «Елімай» Арменияның «Алашкертіне» (1:1, 2:2, пенальтиден 5:6) жол берді.

Айта кетсек, алматылық клуб өткен маусымда Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінде Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4, Англияның «Арсеналына» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.