«Қайсар» футбол клубының бас бапкері ауыса ма

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облыстық «Қайсар» футбол клубының баспасөз қызметі клубтың бас бапкерлігіне үміткерлер туралы ақпаратқа байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Фото: «Қайсар» футбол клубы

Онда республикалық спорт порталдарында бас бапкерге қатысты тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтыны айтылған. 

— «Қайсар» футбол клубы қазіргі таңда ешбір бапкермен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Клубтың ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 2025 жылдың қарашасынан бастап жергілікті футбол клубын қазақстандық Андрей Ферапонтов жаттықтырып келеді. Дегенмен, «Қайсардың» қарқынына көңілі толмаған жанкүйерлер одан орнын босатуды талап етіп отыр.