«Біз, жол ережелерінде пленкаларды қолдануға тыйым салу нормасын алып тастадық. Өйткені Кеден одағының техникалық регламентінде міндетті талаптар реттелген», - деді ол.
Қайсар Сұлтанбаев көлік терезесін қараңғылаған жағдайда көру аймағын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды атады. Олар:
- көлік зауыттан шыққан кезде қос қапталындағы терезелері қараңғыланған болса;
- жүргізушінің жолдағы жағдайды толықтай көруін шектейтін қосымша заттардың немесе жабындардың болмауы керек;
- терезе әйнектерінің жарық өткізгіштігі кемінде 70% болуға тиіс;
- әйнектер ақ, сары, қызыл, жасыл, көгілдір түспен боялмауы керек.