Қайтарылған автивтердің 10 миллиард теңгеден астамы Абай облысына су тартуға бөлінді

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен елімізде әлеуметтік маңызды инфрақұрылымдар салу жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Үкімет

Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Абай облысында сумен жабдықтау желілерін салуға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.

Өңірде барлығы 21 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі – Семей қаласында. Сумен қамту жұмыстары ауылдық аумақтарды да қамтиды, атап айтқанда, облыстың Бородулиха, Үржар және Абай аудандарында сумен жабдықтау желілері жүргізіледі. 

Бұл жобаларды жүзеге асыру – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, коммуналдық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.

Фото: Үкімет

Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректеріне сәйкес, сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу Семей қаласында 95,5%-ды, Абай облысының ауылдарында 95%-ды құрайды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекеттің кепілдігімен қаржыландырылатын жобалар тізімі толықтырылған болатын.