«Қазақстанда киіктердің төлдеуі басталды. Алғашқы құралайлар туды. Киіктерде «бэби-бум» мамырдың соңына дейін жалғасады. Орман шаруашылық және жануарлар әлемі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумағының қызметкері Арман Ізімғалиев далада киіктердің фельдшері секілді жұмыс жүргізеді», - деп жазды Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында.
Еске сала кетсек, өткенде ғана Қостанай облысында киік санағы жүргізілген болатын. Биыл ақбөкендер аман-есен төл өрбітсе, олардың саны артатынын айтады мамандар. Негізі, биыл орман және аң шаруашылығы аумақтық басқармасы мен полицейлер жүргізген тексерістің нәтижесінде заңсыз аң аулаған 87 адам әкімшілік жазаға тартылған.